Hilton қонақ үйлер желісінің сапа және қауіпсіздік стандарттары жөніндегі директоры – Джеймс Спенспен студенттер кездесті

Мансап баспалдағы ең кіші сатылардан басталып, тәжірбие мен алғырлықтың арқасында биік мінберлерге дейін жеткен жандарды тыңдау өте ерекше әсер қалдырады. Себебі, мұндай жаннан кез-келген сауалыңызға жауап алып, өмірлік кейсінен үйренеріңіз де көп болары сөзсіз. Ол өз жұмысының кішігірім бөлігінен бастап, макро мәселерінен де түгел хабардар. Өйткені, сол жолды үздіксіз жүріп өткен. Қиындықтары мен артықшылықтарын да тайға таңба басқандай біліп тұрады. Сондай жанның бірі – Джеймс Спенс. Hilton қонақ үйлер желісінің сапа және қауіпсіздік стандарттары жөніндегі директоры қызметін атқарады. Жаһандағы 30 елде орналасқан 100-ден астам қонақ үйге жетекшілік етеді. Соның бірі –  Hampton By Hilton Turkistan! Осында кезекті сапарының бірінде – Халықаралық туризм және меймандостық университетінің студенттерімен кездесуге келісім бергені қуантты. Себебі, туризм мен қонақ үй бизнесі бағытында дәріс алған шәкірттің осы саланың жілігін шағып, майын ішкен маманнан дәріс алу тапсырмас тәжірбие екені сөзсіз.

          Ол қоршаған ортаны қорғау саласының үздігі дипломының иегері. Жергілікті басқару және жеке кеңес беру қызметтерінен басталған мансап жолында адамзат үшін талай ерен еңбек сіңірді. Джеймстің қазір жүргізетін негізгі бағаты –  қауіпсіздік пен терроризмге қарсы күрес, тамақ қауіпсіздігі, денсаулық сақтау және өрт қауіпсіздігі, дағдарысты басқару, сауда стандарттары. Джеймс осы рөлдің барлық аспектілері бойынша корпоративтік саясат пен процедураларды дамытуға жауап береді. Шотландияның қауіпсіздік институты мен Корольдік қоршаған ортаны қорғау институтының мүшелігі тағы бар. Екі сағатқа созылған кездесу барысында осындай үлкен істерді атқарып үлгерген маман тәжірбиесімен бөлісіп, студенттерге мотивация сыйлап кетті. Бұл үшін сізге үлкен алғыс білдіреміз, Джеймс мырза!