Маңғыстау облысының әкімі – Нұрлан Ноғаев пен біздің университет арасында әлеуметтік әріптестік меморандумға қол қойылды!

11 – сәуір күні университет ректоры Маңғыстау облысына арнайы барды. Мақсат – өңірдегі студенттерге университетті таныстырып, халықаралық деңгейде қос дипломды білім алу мүмкіндігін паш ету болатын.

Нәтижесінде Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаевпен басқарма төрайымы, ректор Майнюра Мурзамадиева кездесіп Маңғыстау облысының әкімдігі мен «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының арасындағы әлеуметтік әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.

Тараптар арасында білім, ғылым және өндірісті бірыңғай оқу-ғылыми-өндірістік кешенге интеграциялау саласындағы кең ауқымды өзара іс-қимыл жасау үшін әлеуетті мойындай отырып, тараптар өзара түсіністікке қол жеткізді. Бұған қоса, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламаларын, әсіресе білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға ықпал ету ниетін растады.

Кездесу соңында, Маңғыстау облысы әкімдігі мен біздің университет арасында тығыз байланыс орнап, туризм саласын дамытатын кадр даярлау ісінде бірге іс атқаруға өзара келісім алынды.