Бүгін – ғылым қызметкелерінің күні! Айтулы мерекені атап өту аясында, Халықаралық туризм және меймандостық университетінде “Білім және ғылым: заманауи көзқарас” халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті, оған Қазақстан, Өзбекстан және Ресейдің жоғары оқу орындары мен колледждерінің 100-ден аса жас ғалымдары мен студенттері қатысты.
Бұл ғылыми іс-шараның мақсаты студенттердің туризм, қонақжайлылық және сервис саласындағы өзіндік зерттеу және практикалық жұмыс үшін қажетті кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру, дене шынықтыру мен спортты дамытудың өзекті мәселелерін талқылау, сондай-ақ ғылыми нәтижелер мен зерттеу тәжірибесімен алмасу болды.
Конференция жұмысы келесі бағыттарда өтті:
– Қазақстан Республикасында туризмді дамыту перспективалары;
– Қазақстан Республикасындағы қонақжайлылық индустриясын дамытудың қазіргі жағдайы;
– Туризм саласындағы инновациялық технологиялар;
– Қонақ үй бизнесінің дамуына экологиялық фактордың әсері;
– Гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының өзекті мәселелері;
– Дене шынықтыру, спорт және туризмнің өзекті мәселелері.
Ғылыми-практикалық конференция аралас форматта (онлайн және офлайн) өтті. Іс-шара бойынша “Білім және ғылым: заманауи көзқарас” халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы шығарылады, оған барлық қатысушылардың баяндамалары кіреді