Ғылым және оқу үдерісінің сапасын бақылау бөлімі

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің Ғылым және оқу үдерісінің сапасын бақылау бөлімі

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің Ғылым және оқу үдерісінің сапасын бақылау бөлімі – Университетте өткізілетін ғылыми, іргелі, қолданбалы және инновациялық зерттеу жұмыстарын, сондай-ақ ғылыми кадрларды даярлау мен олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыруды жүзеге асырады және үйлестіреді, сонымен қатар Университеттің білім беру қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің орындалуын, оқу үдерісінің барысын, білім беру үдерісін ұйымдастырудағы оң және теріс үрдістерді анықтау, білім беру бағдарламаларының іске асырылуын, Университет Жарғысы мен нормативтік-құқықтық актілерінің сақталуын бақылау бойынша басшылықты жүзеге асырады.

Ғылым және оқу үдерісінің сапасын бақылау бөлімінің қызметі Халықаралық туризм және меймандостық университетінің стратегиялық даму жоспары негізінде айқындалады.

БӨЛІМНІҢ МАҚСАТЫ

ЖОО-ның ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру:

ЖОО-ның ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру саласындағы Бөлім жұмысының негізгі мақсаты қазіргі заманғы білім беру және ғылыми-инновациялық технологияларды енгізу негізінде білім беру және ғылыми қызметтер сапасының ұдайы өсуін қамтамасыз ету, ғылым мен білімнің байланысын нығайту және профессор – оқытушылар құрамы (бұдан әрі-ПОҚ) мен білім алушылар жүргізетін ғылыми зерттеулердің практикалық маңыздылығын нығайту болып табылады.

Білім беру үдерісінің сапасын бақылау:

ЖОО-ның оқу үдерісінің сапасын бақылау бағытындағы Бөлімнің негізгі мақсаты жоғары білім беру саласында білім беру қызметін жүргізу құқығына мемлекеттік лицензияға сәйкес білім беру бағдарламаларын (бұдан әрі – ББ) іске асыру бойынша оқу қызметін жетілдіруден тұрады.

БӨЛІМНІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ

  • кафедралар, факультет және университеттің басқа да құрылымдық бөлімдері өткізетін іргелі, іздестіру және қолданбалы ғылыми зерттеулер саласындағы ЖОО қызметінің негізгі бағыттары бойынша ғылыми қызметті ұйымдастыру және үйлестіру;
  • ғылыми қызметті жүзеге асыру саласында университет алдында тұрған міндеттерді тиімді орындау мақсатында ғылыми-ұйымдастырушылық ақпаратты әзірлеуді, талдауды және таратуды ұйымдастыру;
  • оқу орнының даму перспективаларын анықтау, ғылыми-педагогикалық қызметті басқару және кадрлардың ғылыми әлеуетін ұтымды пайдалану үшін Университет басшылығын қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;
  • ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын, кафедралардың, факультеттің және басқа құрылымдық бөлімшелердің, сондай-ақ сыртқы ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, университеттің ғылыми қызметінің жылдық жоспарын қалыптастыру, ЖОО ғылыми қызметі туралы қорытынды есеп жасау;
  • Университет кафедраларымен және факультетімен бірлесіп ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық, ғылыми-әдістемелік конференциялар, симпозиумдар, семинарлар, кеңестер және өзге де ғылыми іс-шаралар ұйымдастыру;
  • халықаралық және республикалық ғылыми байланыстарды жүзеге асыру;
  • Университеттің білім беру қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің орындалуын бақылау;
  • Университеттің білім беру қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді орындамау және бұзу жағдайларын анықтау, олардың жолын кесу бойынша шаралар қабылдау;
  • нормативтік-құқықтық актілерді бұзу негізіндегі себептерді талдау, оларды алдын алу бойынша шаралар қабылдау;
  • оқу үдерісінің барысын, білім алушылардың аралық және қорытынды аттестацияларының нәтижелерін бақылау.;
  • білім беру үдерісіне қатысушылардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау;
  • қызметкерлер қызметінің нәтижелерін зерделеу, білім беру үдерісін ұйымдастырудағы оң және теріс үрдістерді анықтау;
  • білім алушылардың білім сапасын жетілдіру, сонымен қатар лауазымды тұлғалардың соңғы нәтиже үшін жауапкершілігін арттыру;
  • білім беру бағдарламаларының іске асырылуын, университет жарғысы мен актілерінің сақталуын бақылау;
  • оқу үдерісін жақсартуға бағытталған нұсқаулық материалдарды әзірлеу және құрастыру.

ОҚЫТУШЫЛАР ҮШІН

Тегін кітапханалар тізімі

Scopus-та индекстелуі тоқтатылған журналдардың тізімі (жаңартылды-маусым 2020)

Scopus-та индекстелген дереккөздердің тізімі (жаңартылған-маусым 2020)

Scopus-та индекстелген кітаптар тізімі (жаңартылды-сәуір 2020 ж.)

Scopus деректер базасында индекстелетін Ресейлік журналдардың тізімі (10 жылғы 2020 тамыздағы жағдай бойынша)

Ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін комитет ұсынатын ғылыми басылымдардың тізбесі 24.07.2020 ж.

Студенттерге

ТЕГІН КІТАПХАНАЛАР ТІЗІМІ

Сотрудники отдела науки

Ермухамедова Айжан Пернебаевна

Руководитель отдела

Учебный корпус, кабинет № 203

ayzhan.ermuhamedova@iuth.edu.kz


 

Альмухамбетова Акмарал Женисовна

Главный специалист

Учебный корпус, кабинет № 203

akmaral.almuhambetova@iuth.edu.kz

 

Сейітқұлова Жанар Амалбаевна

Руководитель отдела

Учебный корпус, кабинет № 203

zhanar.seitkulova@iuth.edu.kz


 

Сыздыкова Гауһар Жұмағұлқызы

Главный специалист

Учебный корпус, кабинет № 203

g.syzdykova@iuth.edu.kz