(Офис тіркеуші) – университеттің оқу-әдістемелік басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады, ол академиялық қағидалар мен рәсімдердің сақталуын бақылауды жүзеге асырады, білімді бақылауды ұйымдастыруды, оқу жетістіктерінің бүкіл тарихын тіркеуді және білім алушылардың академиялық рейтингін есептеуді қамтамасыз етеді.
Оқу пәндері бойынша қанағаттанарлықсыз қорытынды баға немесе емтиханға келмеген жағдайда білім алушылардың қорытынды білім беру бақылауы бойынша академиялық берешек.
Жазғы демалыс кезінде бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысатын студенттердің оқу бағдарламаларындағы айырмашылықтарды жою, пән бойынша білім алушылардың академиялық қарыздарын жою үшін өткізілетін қосымша семестр.
Ұзақтығы: 6 апта
5 апта-теориялық курс, 1 апта-қорытынды бақылау
Қосымша семестрде оқытылатын кредиттердің жалпы саны 12-ден аспауы тиіс.
Негізгі семестрді тапсырғаннан кейін сіз жазғы семестрге қатысу үшін өтініш жазып, қандай пәндерге жазылғыңыз келетінін көрсетуіңіз керек. Жазғы семестр ақылы негізде өткізіледі.
1 курстың 1-ші семестрі – 01 қыркүйектен 31 қаңтарға дейін
Сессия қорытындылары бойынша (01 шілдеден 31 қаңтарға дейін және 01 ақпаннан 30 маусымға дейін)
Стипендия түрлері:
– Қарапайым стипендиялар болған кезде – «жақсы» («В+», «В», «В-») және «өте жақсы» («А», «А-») ;
Жоғары стипендия (+15%) – тек «өте жақсы» («А», «А-»)бағалары болған кезде ғана.
Білім алушылар университеттен келесі жағдайларда шығарылады:
– өз еркімен;
– басқа ЖОО-ға ауысуына байланысты
– сабаққа дәлелсіз себептермен қатыспау (25 академиялық сағаттан артық емес);
– тәртіптік теріс қылықтар жасағаны, оқу тәртібін, Жарғыны, осы ережені, Іскерлік этика Кодексін және т. б. жүйелі немесе өрескел бұзғаны үшін;
– Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын, университетпен оқу шартының талаптарын бұзғаны үшін;
– оқу ақысын төлемегені үшін;
– белгіленген мерзімде академиялық демалыстан шықпағаны үшін.
– білім алушылар өз оқуын медициналық көрсеткіштер бойынша уақытша тоқтататын кезең (оның ішінде жүктілік және босану бойынша);
– Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына шақырылуына байланысты.
1-курстан 2-курсқа өту – 1,6;
2-курстан 3-курсқа өту – 2,0;
3-курстан 4-курсқа өту – 2,2;
Пәндерге тіркелу рәсімі екі кезеңнен тұрады: алдымен студент пәндерді таңдайды, содан кейін оқытушыға сабақ кестесіне жазылады. Тіркеу рәсімін офис тіркеуші деканаттармен, кафедралармен және эдвайзерлермен бірлесіп, академиялық күнтізбеде белгіленген мерзімде жүргізеді.
Оқу үлгерімінің орташа балын (GPA) арттыру мақсатында емтиханды қайта тапсыру үшін ақылы негізде білім алушылар келесі академиялық кезеңде немесе жазғы семестрде осы пән бойынша көзделген оқу сабақтарының барлық түрлеріне қайта қатысады, жіберу рейтингісін алады және қорытынды бақылауды тапсырады. Бұл жағдайда білім алушы қайтадан оқу пәніне жазылу рәсімінен өтеді.
Айырмашылықты жою үшін білім алушы ағымдағы оқу сабақтарымен қатар академиялық кезең ішінде оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, белгіленген модульдің (модульдік оқыту кезінде) оқу тапсырмаларын орындайды, осы пәндер (модульдер) бойынша оқу жұмыс жоспарында көзделген ағымдық және аралық бақылаудың барлық түрлерін тапсырады, рұқсат алады және академиялық күнтізбеге сәйкес білім алушылар аралық аттестаттау кезеңінде қорытынды бақылауды тапсырады.
«PLATONUS» ақпараттық жүйесі білім беру жүйесін басқару процестерін, сондай-ақ жоғары және орта оқу орындарының оқу процесін басқаруды тиімді ақпараттық қолдауды қамтамасыз етуге арналған.
«PLATONUS» ақпараттық жүйесі келесі бағыттар бойынша міндеттер кешенін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді:
Жоғары және орта оқу орындары студенттерінің оқу процесін жүргізу, сондай-ақ тиісті уәкілетті органдармен электрондық өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігін қамтамасыз ету негізінде білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыру мәселелері бойынша хабардар болуын арттыру.
Бурханбаева Анжир Қайнарбекқызы
Түркістан қаласы
Рабиға Сұлтан Бегім көшесі 14 «Б»