Халықаралық туризм және меймандостық университетінің қонақжайлылық мектебі, құзыреттілік, мансап және жұмысқа орналастыру бөлімінің ұйымдастыруымен қонақ дәрісі өтті.
Онда Түркістан қаласы әкімдігінің «Бизнесті қолдау және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің туризм саласы бойынша сектор меңгерушісі Мұхтар Қажымұханұлы арнайы баяндама оқыды. «Түркістан қаласы туризм индустриясының қазіргі жағдайы және даму перспективалары» атты тақырыпта сала маманы терең түсіндірме жасап, Түркістан қаласындағы туризмдік бағытқа тоқталды.
Арнайы ұйымдастырылған қонақ дәрісінде студенттер өздеріне қатысты практикалық ақпараттар алып, пікір алмасты.
IUTH Медиа және PR орталығы