Туристік көпсайыс «IUTH кубогі»

Халықаралық туризм және меймандостық университетінде Түркістан қаласының спорттық туризм және туристік көпсайыспен айналысатындарға арналған «IUTH кубогі» өтті.

Жарысқа қатысушылар туристік және альпинистік құралдармен жұмыс жасау шеберлігін көрсетіп, туристік техника білімі бойынша тәжірибе жинақтады. Сонымен қатар, жарысқа қатысу арқылы көңіл көтеріп, денсаулық үшін пайдалы әсермен тарасты. Туристік көпсайыс жасөспірімдер және ересектер болып екі жас ерекшелігі бойынша өтті. Көпсайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар орны төмендегідей бөлінді.

Ересектер арасында:

  • I орын «Алау» командасы
  • ІІ орын «Цунами» командасы
  • III орын «Алау-1» командасы

Жасөспірімдер арасында:

  • ІІІ орын «Ерубаев» командасы
  • ІІ орын «Гималай» командасы
  • І орын «Жалын» командасы

Жеңімпаздар медальдармен, алғыс хаттармен және арнайы IUTH кубогімен марапатталды.

IUTH Медиа және PR орталығы