IUTH жаңа ректоры тағайындалды

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің Басқарма төрағасы-Ректоры қызметіне Шоқпаров Әлібек Жұмабекұлы тағайындалды. Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев университет ұжымына жаңа ректорды таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Одан бөлек, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев туризм бағытындағы мамандандырылған университет ерекшеліктеріне тоқталып, жаңадан тағайындалып жатқан ректорға бірлесе жұмыс атқаруға дайын екендігін жеткізді.

Әлібек Жұмабекұлының қоғамдық-саяси және білім салаларында тәжірибесі мол. Педагогика ғылымдарының кандидаты, Оңтүстік Калифорния университетінің Болашақ бағдарламасы бойынша түлегі. ҚР Білім және ғылым министрлігінде еңбек етіп, түрлі лауазымдық қызметтерді атқарды. Соның ішінде 2021 – 2023 жж аралығында Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің Басқарма мүшесі – ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры болған.

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің Басқарма төрағасы-Ректоры қызметіне тағайындалған Әлібек Жұмабекұлы еліміздегі туризм саласындағы тұңғыш бейінді университеттің одан әрі дамуына күш жұмсап, жаңа жетістіктерге жету жолын жалғастыратын болмақ.

IUTH Медиа және PR орталығы