Халықаралық туризм және меймандостық университетінде 2024 жылдың 12 сәуір күні «Development of tourism in Kazakhstan» атты студенттер арасында ғылыми жобалар байқауы өтеді.
Байқау мақсаты – университетте алған білімдерін, біліктіліктері мен дағдыларын шығармашылық тұрғыдан жүзеге асыруға дайындығын қалыптастыру, ғылыми қызмет әдіснамасының негіздерін игеру, зерттеу тәжірибесін қолдануға көмектесу.
Ғылыми жобалар бағыттары:
- Туризм бағыты
- Қонақүй және мейрамхана бизнесі бағыты
- Спорт бағыты
- Жалпы білім беру бағыты
Назар аударыңыз:
- Ғылыми жобаны 03.2024 жылға дейін жіберілуі тиіс;
- Жұмыс тілдері: қазақ, орыс.
Ғылыми жобаны жазу және рәсімдеу тәртібі
- Титул парағы (жоба атауы, орындаушысы және тобы).
- Жобаның сипаттамасы.
- Жобаның мақсаты мен міндеттері: бұл бөлімде жобаның мақсаттары мен оларға қол жеткізу жолдары, жобаның мақсаттарына қол жеткізу әдістері, олардың іске асырылуын қысқаша түсіндіре отырып қойылған міндеттер және күтілетін нәтиже сипатталады.
- Жобаның практикалық маңыздылығы және ғылыми жаңалығы.
- Жобаны және оның нәтижелерін іске асыруда әлеуметтік сұраныстарды және экономикалық мүдделерді алу.
- Жоба көлемі 8-10 беттен (А4 форматы) аспауы тиіс, шрифт – 12 MS Word бағдарламасы. Кестелер, диаграммалар, суреттер тақырыптарымен берілуі жəне Windows бағдарламасында жинақталған болуы керек.
- Жоғарғы шегі – 2 см, төменгі – 2 см, оң жағы – 1,5 см, сол жағы – 3 см, Шрифт: Тimеs New Roman, кегль –
- Қатараралық интервал – бірлік. Абзац: 1,25 см.
- 9. Жоба соңына əдебиеттер тізімі беріледі. Сілтеме тік жақшаға алынып, қайталанған жағдайда реттік номеріне сай пайдаланылған əдебиеттің беті көрсетіледі. Мысалы: [7, 3 б.].
Жобаның электронды нұсқасын «Ғылыми жоба» деп белгілеп g.ashirbek@iuth.edu.kz электронды поштасына жіберу керек.
Ұсынылған материалдардың дұрыстығына студент жауапты болады. Ұйымдастырушылар талаптарға сәйкес келмейтін немесе көрсетілген мерзімнен кеш жіберілген және талапқа сай рәсімделмеген жоба байқауға қатыстырылмайды.
Құрметпен, ұйымдастыру комитеті!
- Абдрасилов Т.К. 8 776 046 0006
- Аширбек Г.Б. 8 775 624 8082