IUTH Түркістан қаласы әкімдігімен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты

Халықаралық туризм және меймандостық университеті Түркістан қаласы әкімдігімен қарым-қатынас және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Университет Басқарма Төрағасы – Ректоры м.а. Қарлығаш Аралбекова мен қала әкімінің орынбасары Талғат Төлегенов екі жақты ынтымақтастық негіздерін нақтылап, алдағы жоспарларды талқылады.  

Енді алдағы уақытта, меморандум негізінде бірнеше жұмыстар жолға қойылатын болады. Олар:       

  • білім алушылардың қатысуымен туризм, өлкетану және экология саласын дамыту;·      
  • кеңес алмасу, ақпараттық қызмет, семинарлар, жобалар, ғылыми-практикалық конференциялар өткізу арқылы қарым-қатынас пен әріптестікке деген қызығушылықты дамыту;·      
  • жұмыс тәжірибесімен алмасу, үгіт-насихат материалдарын таратуды ұйымдастыру; 

Аталмыш, серіктестіктің мақсаты білім мен тәжірибе алмаса отырып, екі тараптың ғылыми-зерттеу мүмкіндіктерін дамыту, туристік-өлкетану және туристік-экологиялық салалардағы бірлескен жобаларды іске асырып, іс-шараларды бірлесе өткізу болып табылады.

IUTH Медиа және PR орталығы