Халықаралық туризм және меймандостық университетінің «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының ұйымдастыруымен 03 мамыр күні университет білімгерлеріне «Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы» аясында «Отбасы – мемлекет құндылығы, қоғам бірлігі» тақырыбында дәріс оқылды. Дәріске арнайы қонақ ретінде Түркістан қалалық сотының төрағасы Жаңбырбаева Айгүл Махмұтқызы шақырылды.
Аталған іс-шараның мақсаты: Отбасы институтын нығайту, неке мен отбасы, ана мен әке және баланың құқығын қорғауға, отбасының қоғамдағы рөлін, өмір сапасын арттыруға, рухани-адамгершілік отбасылық құндылықтарды сақтауға және тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шара болып табылады.