Халықаралық туризм және меймандостық университетінің Басқарма төрағасы-ректор Айдос Сакенов 17 қараша — Халықаралық студенттермен күнімен құттықтап, ізгі тілегімен бөлісті
Құрметті студенттер, ұстаздар
Сіздерді күш-қуат, жастық, оптимизм мерекесі – Студенттер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Халықаралық туризм және меймандостық университетінің өзіндік оқиғаға негізделген айтулы даталары бар. Бірақ дәл осы мереке студенттердің, тіпті оқытушылардың да ең сүйікті және асыға күтетін мейрамдарының бірі деп ойлаймын. Себебі кез келген университеттің жүрегі – студент!
Студенттік өмір – жылдар бойы есте қалатын өте ерекше кезең. Дәл осы этап баршаңызды жаңа белеске бастап, болашаққа нық қадам жасауға септігін тигізеді. Сондықтан дәл осы уақытты бағалаңыздар демекпін. Шабыт пен сәттілік үнемі жолдасыңыз болсын. Студенттік өміріңіз қызықты оқиғалар мен жарқын сәттерге және әділ жеңістерге толы болсын!
Мақсатыңызды нақтылап, қандай үміт артылатыны жадыңызда жүргей.
Өйткені Қазақстан жарқын болашақтан тұрады. Ал біз болашақты IUTH-пен бірге құрамыз!
Тағы да мереке құтты болсын!