2022 жылғы 1-10 қараша аралығында Халықаралық туризм және меймандостық университетінде ҚР ҒЖБМ өткізетін «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру конкурсының I кезеңі өтті. Үміткерлерді іріктеу және құжаттарды тексеру рәсімі Ақпараттық жүйенің көмегімен өткізілді. Байқауға қатысушылардың қызметі оқыту сапасы мен ғылыми-зерттеу жетістіктері бойынша бағаланды.
Конкурсқа 3 үміткер қатысты. Олар: «Туризм» кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., PhD Н.У. Абишов, «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., филос.ғ.к. К.Р. Каратышканова және «Тілдер» кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., PhD М.М. Акешова. ҚР ҒЖБМ Ақпараттық жүйесі арқылы берілген конкурстық құжаттаманы сараптамалық топ зерттеп, бағалады. Оның құрамында 5 адам: Туризм кафедрасының меңгерушісі, PhD М.Н. Абдикаримова, Ғылыми зерттеу орталығының басшысы, PhD Т.К. Абдрасилов, Жалпы білім беру пәндері кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филос.ғ.к. А.Ж. Малдыбек, Тілдер кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., ф.ғ.к. З.А. Умирзакова, Спорт кафедрасының қауымдастырылған профессоры, п.ғ.к. Ж.М. Есиркепов болды.
2022 жылғы 11 қарашада сарапшылар жұмысының нәтижелері «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру конкурсының II кезеңіне қатысу үшін үміткерлерді ұсыну туралы шешім шығаратын комиссияның қарауына ұсынылды. Комиссия мәжілісі хаттамамен ресімделді.
Қосымшада: Комиссия хаттамасынан үзінді тіркелген.