«Заманауи туристік индустрия: жаһандық өзгерістер, тұрақтылық және цифрлық болашақ» Халықаралық ғылыми-теориялық конференция.

2026 жылғы 10 сәуірде Халықаралық туризм және меймандостық университетінде «Заманауи туристік индустрия: жаһандық өзгерістер, тұрақтылық және цифрлық болашақ» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Конференция барысында туризм саласының жаһандық даму үрдістері, цифрландыру, тұрақты даму және инновациялық тәсілдер жан-жақты талқыланды.

Іс-шараға Қазақстанмен қатар Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан және Ресей Федерациясынан келген жетекші ғалымдар мен халықаралық сарапшылар қатысып, өздерінің ғылыми зерттеулері мен тәжірибелерімен бөлісті.

Конференцияның пленарлық отырысы «Достық үйінің» конференц-залында ұйымдастырылды. Ал секциялық отырыстар екі форматта өтті (офлайн, онлайн).

Конференция аясында Түркістан облысының туристік әлеуетін дамыту, туристік инфрақұрылымды жетілдіру және өңірді халықаралық деңгейде ілгерілету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Аталған ғылыми басқосу ғылым мен тәжірибені біріктіріп, туризм саласының тұрақты дамуына және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға жаңа серпін берді.