

Университетіміздің кітапханасында 23 сәуір – «Ұлттық кітап күні» мен «Кітапханашылар күніне» арналған Кітап талқы өтті. Шараның негізгі бөлімі — Дулат Исабековтың «Сүйекші» шығармасын талқылауға арналды. Студенттер шығарманың мазмұнына үңіліп, өзара пікір алмасты.
Кеш барысында қатысушылар шығармадан алған әсерлерімен бөлісіп, автордың жазу стилі мен басты кейіпкердің ішкі арпалысын талдады. Бұл «Қалқан» клубының үлкен жолдағы сәтті бастамасы болды. Бізбен бірге оқитын, ой бөлісетін жастардың бары қуантады!
Шара шабытты нотада аяқталды: клуб мүшелері алдағы кездесулердің жоспарын құрып, келесі талқылауға арналған әдебиеттер тізімін таңдады. Ұйымдастырушылар мұндай кездесулер тек кітап оқуды дәріптеп қана қоймай, студенттердің сыни ойлау қабілетін дамытуға да көмектесетінін атап өтті.
Университет кітапханасы барлық белсенді қатысушыларға алғыс білдіреді және әрбір адамды біздің әдеби қауымдастығымызға қосылуға шақырады. «Қалқан» клубының есігі кітаптан жауап іздейтін және жанды қарым-қатынасты бағалайтын жандар үшін әрқашан ашық!
