ХVI Республикалық пәндік Олимпиада жеңімпаздары марапатталды

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің студенттері ХVI Республикалық пәндік Олимпиадада жүлделі орындарға ие болды. Жеңімпаз студенттер мен олардың жетекшілерін Басқарма төрағасы-Ректоры Әлібек Шоқпаров марапаттап, университет абыройын асқақтатып жүргендері үшін алғыс білдірді.

Республика бойынша Қостанай өңірлік университетінде өткен «Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі» пәні олимпиадасында 12 команда бақ сынасқан. Аталған жарысқа университетіміздің Дене шынықтыру және спорт мектебінен Нұртілеу Ғазизұлы, Полат Оспан, Асанәлі Божбанбай, Эльмурат Ергешов, Ксения Самсонова, Әсем Сырлыбайқызы қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Жеңімпаздарға университет оқытушылары Жандос Есіркепов пен Алмас Анарбаев жетекшілік етті.

Олимпиада қорытындысында қазақ топтары бойынша Халықаралық туризм және меймандостық университетінің командасы 2-орын иеленді. Ал жекелей сында Полат Оспан 2-орын, Ғазизұлы Нұртілеу 3-орынды жеңіп алып, арнайы дипломмен және қаржылай сыйақымен марапатталды. Орыс тобы  бойынша жекелей сында Ксения Самсонова 2-орын иеленіп, дипломмен және қаржылай сыйақымен марапатталды.

Бұл тарихи жеңіс білімгерлердің табандылығы мен жеңіске деген жігерлерінің және команда жетекшілерінің кәсіби біліктіліктерінің нәтижесі.  

Жеңімпаз студенттерді шын жүректен құттықтаймыз.

IUTH медиа және PR орталығы