«Қазақстанға көңіл саяхаты» кітабының тұсауы кесілді

Халықаралық туризм және меймандостық университетінде Түркістан – Түркі мемлекетінің астанасы атануы аясында «Қазақстанға көңіл саяхаты» атты Түркия, Әзірбайжан және Өзбекстан елдерінің ақын-жазушыларымен рухани кеш өтті.

Арнайы кешті университеттің Тіл мектебі ұйымдастырып, іс-шараның жақсы өтуіне белсенді ат салысты. Рухани кеш аясында «Қазақстанға көңіл саяхаты» атты қазақ тілінде жарық көрген кітаптың тұсаукесері өтіп, студенттерге таныстырылды. Аталмыш кітапты Түркия, Әзірбайжан және Өзбекстан елдерінен келген ақын-жазушылар Қазақ халқына сый ретінде тарту етті.

Түркістанға Түркиядан Фетхие жазушылар одағы төрағасы Жошкун Карабулут, Болат Үнсал, Нұржан Гөкмен, Бирдал Жан Түфекчи, Хажы Байрам Арстанлаш, Мұстафа ДОҒАН, Севал Беязгүл, Шахсане  Жамыз, Юсуф Зия Йылмаз ,Махмут Өзкожа, Аднан Гүл, Елда Өзсунар, Лютфи Билир, Кераметтин Йылмаз және Әзірбайжаннан Сехер Ахмед пен Алем Кенгерли есімді ақын-жазушылар келді.

Іс шара соңында түркі елдерінен келген әдебиет өкілдері ұйымдастырушыларға алғысын айтып, ризашылықтарын білдірді.

IUTH медиа және PR орталығы