«Күміс университет» жобасы аясында Халықаралық туризм және меймандостық университетінде «Гид-экскурсоводты дайындаудың негіздері» атты біліктілік арттыру курсы өтті. ОндаТүркістан қаласы Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының «Белсенді ұзақ өмір» бөлімінен 30 тыңдаушы қатысты.
Күміс университет аясында білім алған Искакова Зибагүл, Житбаева Сара, Алия Ламашарирова есімді аға буын өкілдері кезінде өз салалары бойынша мықты маман болып қызмет атқарған абыройлы жандар. Қазіргі таңда, олар жоба аясында университет ұсынған курстарға белсенді қатысып, гид-экскурсовод негіздерін үздік деңгейде меңгеріп шықты.
Сондай-ақ, өзге қатысушылар қала құрылысы, түрлі экскурсияларды ұйымдастыру, жеке экскурсиялық мәтіндерді құрастыруды және осы салада практикалық дағдыларды қалыптастыруды үйренді.