Ғылым күнінде IUTH профессорлары марапатталды

«Ғылым қызметкерлерінің күні» мерекесіне орай Халықаралық туризм және меймандостық университетінің ұстаздары ҚР Ғылым және жоғары білім Министрлігінің ведомстволық марапатына ие болды. Басқарма төрағасы-Ректоры Әлібек Шоқпаров университет профессорларына марапатты табыстап, ғылым жолында қосқан зор үлестері үшін алғыс білдірді.

Атап айтсақ, Мадина Акешова, Сымбат Нахипбекова, Рустам Абдрахманов ҚР Ғылым және жоғары білім Министрлігінің арнайы алғыс хатымен, ал Бақытжан Омаров Құрмет грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ Туризм мектебінің директоры, Мадина Абдикаримоваға «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі табысталды.

Халықаралық туризм және меймандостық университет ұжымы профессор-ұстаздарды арнайы марапатымен құттықтап, одан әрі ғылым жолындағы ізденістеріне табыс тілейді.

IUTH Медиа және PR орталығы