
Бүгін университетімізде «Түркістан туризмінің дамуында ғылымның рөлі» тақырыбында «Ғылым қызметкерлері күніне» арналған ғылым апталығы аясында, «Ace the IELTS» атты семинар өтті.
Семинарда әлемнің Топ-17 университетінен шақырту алған, IELTS дірежесі 7.5 және «Mugalim jobasi» – эксперті Жақсылықова Ұлдана спикер болды. Іс-шара Басқарма төрағасы-Ректор Ә. Шоқпаровтың IELTS тапсыруда өз тәжірибесі жайында алғыс сөзімен бастау алып, жүзге жуық профессор-оқытушылар құрамы мен студенттеріміздің жіті назарында жалғасты.
Жиында қатысушылар шетелдік жетекші оқу орындары жайында қызықтырған немесе IELTS-қа қатысты өзін толғандырған сауалдарын қойып, мол ақпараттар алды.
«Ғылым қызметкерлері күніне» арналған Ғылым апталығының соңғы іс-шарасы осымен өз мәресіне жетті.