Халықаралық туризм және меймандостық университетінде «Turkistan Silk Way Harbor» өкілдері, бас директордың міндетін атқарушы Мұрат Онан мен персоналды басқару бойынша директор Замира Тулгабаева қонақта болды. Арнайы жиында университет Басқарма төрағасы-Ректоры Әлібек Шоқпаров екі жақты келіссөз негіздерін ескере отырып, алдағы уақытта ынтымақтастық арта беретінін атап өтті.
Кездесу барысында екі тарап студенттерге тағылымдамадан өту жолдары мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы құнды ақпаратпен бөлісе отырып, бірлескен білім беру бағдарламасын жасау туралы келісімге келді. Сонымен қатар қабілетті студенттер арасынан іріктеу жүргізіп, алдағы уақытта әр студенттің икемділігіне қарай жұмыс ұсынылатын болады. «Керуен Сарай» бас директорының міндетін атқарушы Мұрат Онан да туризмдік салада кадр дайындайтын оқу орнымен одан әрі де достық қарым-қатынасты нығайтып, жұмыс істей беретіндіктерін жеткізді.
«Керуен-сарай» кешені Халықаралық туризм және меймандостық университет серіктестерінің бірі. Ол орта Азиядағы ең ірі көпфункционалды туристік нысанға жатады. Мұнда университет студенттер тәжірибеден өтіп, әрі еңбекақы алады. Одан әрі студент өзін жақсы жағынан көрсетіп, жұмыс барысында үздік нәтижелерге қол жеткізетін болса, ресми түрде жұмысқа орналасады. Мұнымен қатар оқу үлгерімі жақсы болса, шәкіртақысы да сақталады.
IUTH Медиа және PR орталығы