Сенат Төрағасы түркістандық белсенді жастармен кездесті

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Халықаралық туризм және меймандостық университетінде түркістандық белсенді жастармен кездесті. Жиынға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, университет Басқарма төрағасы-Ректоры Әлібек Шоқпаров және Түркістан облысының белсенді жастары қатысты.  

Кездесуде реформаларды іске асыруда және аймақтың әлеуетін арттыруда жас буынның атқаратын рөлі талқыланды. Сенат Төрағасы өз сөзінде қазіргі таңда елімізде жастарға жүйелі түрде қолдау көрсетіліп келе жатқанын, осы бағытта кешенді реформалар іске асырылып, стратегиялық бағдарламалар және мемлекеттік жобалар әзірленгенін атап өтті.

Айта кетейік, бүгін Сенат Төрағасы Түркістан облысына іскерлік бағытта табан тіреді. Сапар аясында Мәулен Әшімбаев бастаған сенаторлар жергілікті мәслихат депутаттарымен және өңір жұртшылығымен де кездесті. Өз сөзінде Палата Төрағасы Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда белгілеп берген бастамаларға кеңінен тоқталды. Сондай-ақ облыс тұрғындарымен бірге өңірдегі өзекті мәселелерді оңтайлы шешу жолдарын талқылады.

IUTH Медиа және PR орталығы