«Development of tourism in Kazakhstan» атты білім алушылар арасында ғылыми жобалар байқауы өтеді

Халықаралық туризм және меймандостық университетінде 2024 жылдың 12 сәуір күні «Development of tourism in Kazakhstan» атты студенттер арасында ғылыми жобалар байқауы өтеді.

Байқау мақсаты – университетте алған білімдерін, біліктіліктері мен дағдыларын шығармашылық тұрғыдан жүзеге асыруға дайындығын қалыптастыру, ғылыми қызмет әдіснамасының негіздерін игеру, зерттеу тәжірибесін қолдануға көмектесу.

Ғылыми жобалар бағыттары:

  1. Туризм бағыты
  2. Қонақүй және мейрамхана бизнесі бағыты
  3. Спорт бағыты
  4. Жалпы білім беру бағыты

Назар аударыңыз:

  • Ғылыми жобаны 03.2024 жылға дейін жіберілуі тиіс;
  • Жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

 

Ғылыми жобаны жазу және рәсімдеу тәртібі

  1. Титул парағы (жоба атауы, орындаушысы және тобы).
  2. Жобаның сипаттамасы.
  3. Жобаның мақсаты мен міндеттері: бұл бөлімде жобаның мақсаттары мен оларға қол жеткізу жолдары, жобаның мақсаттарына қол жеткізу әдістері, олардың іске асырылуын қысқаша түсіндіре отырып қойылған міндеттер және күтілетін нәтиже сипатталады.
  4. Жобаның практикалық маңыздылығы және ғылыми жаңалығы.
  5. Жобаны және оның нәтижелерін іске асыруда әлеуметтік сұраныстарды және экономикалық мүдделерді алу.
  6. Жоба көлемі 8-10 беттен (А4 форматы) аспауы тиіс, шрифт – 12 MS Word бағдарламасы. Кестелер, диаграммалар, суреттер тақырыптарымен берілуі жəне Windows бағдарламасында жинақталған болуы керек.
  7. Жоғарғы шегі – 2 см, төменгі – 2 см, оң жағы – 1,5 см, сол жағы – 3 см, Шрифт: Тimеs New Roman, кегль –
  8. Қатараралық интервал – бірлік. Абзац: 1,25 см.
  9. 9. Жоба соңына əдебиеттер тізімі беріледі. Сілтеме тік жақшаға алынып, қайталанған жағдайда реттік номеріне сай пайдаланылған əдебиеттің беті көрсетіледі. Мысалы: [7, 3 б.].

Жобаның электронды нұсқасын «Ғылыми жоба» деп белгілеп g.ashirbek@iuth.edu.kz  электронды поштасына жіберу керек.

Ұсынылған материалдардың дұрыстығына студент жауапты болады. Ұйымдастырушылар талаптарға сәйкес келмейтін немесе көрсетілген мерзімнен кеш жіберілген және талапқа сай рәсімделмеген жоба байқауға қатыстырылмайды.

Құрметпен, ұйымдастыру комитеті!

  • Абдрасилов Т.К. 8 776 046 0006
  • Аширбек Г.Б. 8 775 624 8082