TAYGA GRUP өкілімен кездесу өтті

Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің ұйымдастыруымен университетімізге 2024 жылының 24 қантарында Түркия Республикасынан TAYGA GRUP Халықаралық консалтинг және рекруттық компанияның Бас директоры Музаффер Сезгин іссапармен келді.

Іссапар барысында, Халықаралық туризм және меймандостық университетінің басшылығымен кездесу жоспарланған және 3 курстың білім алушыларына Анталия қаласының қонақ үйлерінде жұмыс жасайтын персоналдың қызметтері жайында презентация жасады. Кездесу қызықты және интерактивті форматта өтті, студенттер арасында викториналар өткізілді.