Тревел-блогер Әсет Мырзабаевпен шығармашылық кездесу

2024 жылдың 22 қаңтарында Халықаралық туризм және меймандостық университетінде танымал тревел-блогер Әсет Мырзабаевпен студенттердің шығармашылық кездесуі өтті.

Кездесу барысында, блогер өзінің саяхаттары туралы айтып, желіде танымал бейнелер жасау бойынша шеберлік сабағын өткізді.

Айта кетейік, Әсет Мырзабаев әйелі Махаббатпен бірге аккаунт жүргізеді. Жас отбасы саяхаттап, әлемнің 100 еліне баруды мақсат еткен. Оның саяхат туралы бейнелері туристерге арналған ақпарат қана емес, сонымен қатар, әртүрлі ел мен қалада өмір сүру ерекшеліктерін қамтумен танымал. Ол өз парақшасында саяхаттаудан бөлек, автомобильдер мен тамақтану орындарына арнайы шолу жасайды.

IUTH Медиа және PR орталығы