Хабарландыру!

«Халықаралық туризм және меймандостық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы 2024-2025 оқу жылына төмендегі кестеге сәйкес бос лауазымдарға конкурс жариялайды.

 

Бағыты Ғылыми дәрежесі Қызметі Штат бірлігі
1 Туризм бағыты бойынша ғ.к., / PhD., Профессор 3,0
ғ.к., / PhD., Қауымдастырылған профессор (доцент) 5,0
ғ.к., / PhD., Аға оқытушы

 

5,0
Аға оқытушы 4,0
Оқытушы 3,0
Адъюнкт-профессор 2,0

 

2 Гуманитарлық бағыт бойынша

(ағылшын тілін білу міндетті)

Саясат.ғ.к.,/PhD., Қауымд. профессор (доцент)/

Қауымд. профессор (доцент) м.а.

1,0
филос.ғ.к.,/PhD., Қауымд. профессор (доцент)/

Қауымд. профессор (доцент) м.а.

 

1,0
3 Филология бағыты бойынша филол.ғ.к.,/PhD.,

(ағылшын тілі)

Қауымд. профессор (доцент)/

Қауымд. профессор (доцент) м.а.

1,0
филол.ғ.к.,/PhD.,

(ағылшын тілі)

Аға оқытушы 3,0

 

Аға оқытушы

(түрік тілі)

5,5

 

Аға оқытушы

(қытай тілі)

1,5

 

4 Денешынықтыру бағыты бойынша п.ғ.к., PhD., Қауымд. профессор (доцент) 5,0
    п.ғ.к.,/PhD., Аға оқытушы 4,0

 

Аға оқытушы, Құрметті спорт қызметкері/қайраткері 2,0
Адъюнкт-профессор 2,0

 

5 Қонақжайлылық бағыты бойынша

(ағылшын тілін білу міндетті)

э.ғ.к., / PhD., Профессор 2,0
э.ғ.к., / PhD., Қауымд. профессор (доцент)/ Қауымд. профессор (доцент)м.а. 5,0
э.ғ.к., / PhD., Аға оқытушы 2,0

 

Аға оқытушы 2,0

 

Оқытушы 2,0

 

Адъюнкт-профессор 6,0

 

  Барлығы:   67,0

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлер 2024 жылдың 14 мамырына дейін Басқарма төрағасы-Ректор атына өтініш береді (107 каб).

Құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Түркістан қаласы, Рабиға Сұлтан Бегім көшесі, 14 А. (107/07 бөлме)

Өзге қаладан келетін үміткерлер үшін, құжаттарды  kense@iuth.edu.kz электронды поштасы арқылы жіберуге болады.

Қосымша ақпаратты 8 701 144 96 64, 8701 462 80 70 телефондарына хабарласып алуға болады.

Өтінішке қоса мынадай құжаттар өткізіледі:

  1. Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақша;
  2. Түйіндеме (резюме);
  3. Жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
  4. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары (инклюзивті білім беру және цифрлық құзыреттіліктер, гибридтік немесе қашықтықтан оқыту бойынша сертификаттарының болуы міндетті);
  5. Ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса);
  6. Медициналық анықтама № 075 нысан бойынша;
  7. Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін есепке алу жөніндегі мәліметтердің болуы, не болмауы туралы анықтама;
  8. Наркологиялық ұйымның конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы анықтамасы;
  9. Конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  10. Жеке куәлік;
  11. Үміткерлердің мектептің дамуына қосатынын үлесі туралы жоспары (презентация 2-3 слайд көлемінде).

Тізбеге сәйкес құжаттардың толық болмауы өтінішті қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (ғылыми жарияланымдар тізімі, бұрынғы жұмыс орны басшылығының ұсыныстары), сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.

Ескерту: Конкурс офлайн форматта өткізіледі.

Профессор

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, ғылыми дәреженің, ғылыми атақтың болуы, білім беру ұйымдарындағы басшылық лауазымдарда немесе мамандық бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі, мүмкіндігінше, В2 деңгейінде шет тілін білу, олармен жұмыс істеу дағдысы компьютерлік бағдарламалар, бағдарламалық құжаттар мен жобаларды әзірлеу қабілеті, білім беру бағдарламалары, фандрайзинг дағдысы және коммерцияландыру дағдылары, дамыған аналитикалық дағдылар, ұжымда сенімді және тиімді іскерлік қарым-қатынас орнату қабілеті, отандық және халықаралық ғылыми-зерттеу мекемелеріндегі жұмыс тәжірибесі, соңғы 5 жыл ішінде оқытылатын пәндер бейініне сәйкес біліктілікті арттыру сертификаттары болуы тиіс.

Қауымдастырылған профессор (доцент) 

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, академиялық дәреженің болуы (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша философия докторы (PhD), бейіні бойынша ғылым докторы академиялық дәрежесі), ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 5 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 10 жыл жұмыс өтілі болуы.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі құрметті атағын алған адамдар немесе педагогикалық қызмет бейініне сәйкес халықаралық конкурстың лауреаты дипломы, «Еңбек сіңірген жаттықтырушы» атағы бар тұлғалар ғылым кандидаты ғылыми дәрежесіне теңестіріледі.

Аға оқытушы

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және/немесе академиялық және магистр дәрежесі, ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 3 жыл, оның ішінде оқытушы лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы (бейіні) бойынша тәжірибелік жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.

Адъюнкт-профессор

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, мамандығы (бейіні) бойынша тәжірибелік жұмыс өтілі 5 жылдан жоғары болуы тиіс. 

Оқытушы 

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және/немесе магистр академиялық дәрежесінің болуы, немесе мамандығы бойынша тәжірибелік жұмыстағы өтілі кемінде 2  жылдан кем болмауы тиіс.