6В01402 – «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» және 6В11107 – «Спорттық-сауықтыру фитнесі» білім беру бағдарламаларын бастапқы бағдарламалық аккредиттеуден өту шеңберінде Университетке 2023 жылдың 6-7 желтоқсан аралығында Білім сапасын қамтамасыздандыру
бойынша тәуелсіз агенттігі (IQAA) Сыртқы сараптамалық тобы іссапармен келді. Осы сараптамалық топ жұмысының және Университет ұсынған материалдарды зерделеудің қорытындылары негізінде 23 желтоқсанда IQAA Аккредиттеу кеңесі осы 2 білім беру бағдарламасын 5 жыл мерзімге аккредиттеу туралы шешім шығарды.
Университет басшылығы IUTH ұжымына жемісті жұмысы үшін шын жүректен алғыс білдіреді және бағдарламалық аккредиттеуден сәтті өтуімен құттықтайды!