IUTH оқытушысы «Болашақ» стипендиясының иегері атанды

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссияның шешімімен 167 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Оның ішінде 131 адам магистратурада, 4 адам докторантурада оқиды, 32 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарына тағылымдамадан өтуге жіберіледі.

Стипендия иегерлерінің қатарында оқу орнымыздың оқытушысы Нұржан Орынбасарұлы бар.

Енді IUTH оқытушысы Ұлыбританияның Ридинг университетіне «Білім берудегі менеджмент» ғылыми бағыты бойынша біліктілігін арттыратын болады.

Нұржан Орынбасарұлын «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанғанымен құттықтай отырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз!