IUTH оқытушысы ғылыми стипендияның иегерлері атанды

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 2023 жылғы жыл сайынғы мемлекеттік ғылыми стипендиялар конкурсының нәтижелерін жариялады.

Байқаудың нәтижесі бойынша Халықаралық туризм және меймандостық университетінің оқытушысы Мейрбеков Ақылбек Қайратбекұлы Мемлекеттік ғылыми стипендияның иегерлері атанды.

Университет ұжымы атынан Ақылбек Қайратбекұлын құттықтай отырып, ғылым жолындағы ізденістерге жаңа серпін мен толағай табыс тілейміз!

IUTH Медиа және PR орталығы