СПАРТАКИАДА ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен құрылымдық бөлім қызметкерлері арасында ұйымдастырылған спартакиада өз мәресіне жетті.

Спартакиаданың жабылу салтанатында Басқарма төрағасы – Ректор м.а. Қарлығаш Аралбекова сөз сөйлеп, белсенділік танытқан командалар мен қатысушыларға алғыс хаттарын табыстады.

Спартакиадаға қатысушылар бір апта көлемінде спорттың 7 түрінен сынға түсті.
Аталмыш шара салауатты өмір салтын кеңінен насихаттап, университет ұжымы қызметкерлерінің денсаулығын нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында жыл сайын ұйымдастырылады.

Қорытынды есеп бойынша І, ІІ және ІІІ орын алған командалар арнайы сыйлықтармен марапатталды. Турнир нәтижесінде командалық көрсеткіш бойынша «Тұран» командасы басым түсіп, бірінші орынды иеленді. Ал жүлделі екінші орында «IUTH united», үшінші орында «Дракон» командасының қатысушылары жеңіс тұғырынан көрінді.

IUTH Медиа және PR орталығы