
Университетіміздің ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 03 қарашада “Bulletin of the International University of Tourism and Hospitality”ғылыми мерзімді басылымының тұжырымдамалық презентациялық сессиясы өткізілді.
Іс-шараға университеттің педагогикалық және ғылыми құрамының қырыққа жуық өкілі жиналды. Семинар барысында әрі қарай зерттеу жоспарлары мен ғылыми басылымдарды “Scopus”рефераттық дерекқорына біріктіру үшін стратегиялық бағыттар егжей-тегжейлі талқыланды. Сондай-ақ, аталған базада ғылыми журналдың рейтингін жақсарту үшін дамудың негізгі кезеңдері мен бағыттары анықталды.
Болашақта осындай іс-шаралар ғылыми жариялау және әлемдік ғылыми желілерге интеграциялау мәселелерін терең зерттеу мақсатында “Elsevier” компаниясының сарапшыларының қатысуымен ұйымдастырылады деп болжануда.