Встреча с финансовым центром на ZOOM-платформе

13.-15.11.2023 күндер аралығында Құзыреттілік, мансап және жұмысқа орналастыру бөлімінің ұйымдастыруымен «Қаржы орталығы» АҚ өкілі Амангельдиев Ануармен ZOOM-платформасында «Дене шынықтыру және спорт», «Туризм» және «Қонақжайлылық» мектептерінің бітіруші түлектеріне жұмысқа тұру, бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу, өз бетімен жұмысқа орналасу,  мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен  өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату мәселелерін жан жақты талқыланды.

Үш күндегі жиынға 160 аса білім алушы қатысты. Студенттер  тарапынан міндеттеменің мақсаты, мемлекет тарапынан жас мамандарға қандай қолдау, бағыт бағдар берілетіні және алдау, алаяқтық іс-әрекеттерге жол бермеу туралы ескертпелер берілді.

«Қаржы орталығы» АҚ менеджері Ануар Амангельдиев жас мамандарға өзімен тікелей байланыс жасауға, ата-аналар тарапынан қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда, көмек көрсететінін атап өтті.