IUTH студенттері халықаралық байқауда жүлделі орындарға ие болды

2023 жылдың 13 сәуірінде Алматы қаласында «Туризм», «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» мамандықтары арасында 24/7 VII Халықаралық байқауы өтті

Байқау 3 кезеңнен тұрды:

  • 1 кезең – Стартапты іріктеу (онлайн)
  • 2 кезең – Стартапты қорғау
  • 3 кезең – Кейс шешу

Халықаралық туризм  және  меймандостық университетінен іріктеу кезеңіне 2 команда өтіп, Алматы қаласына келесі кезеңге жолдама алды. “Altai” командасы МТД 20-01 тобының студенттерімен: Алтынай Еркенова, Динара Жанай, Жанель Кадырова. Топтың ғылыми жетекшісі  –  «Туризм» кафедрасының оқытушысы Элиза Нарбаева. Екінші “Hospitality heroes” командасы ГРБ 20-01 және ГРБ 21-01 топтарының студенттері: Акбар Жаубасаров, Насиба Абдуллаева, Алмас Досжан. Ғылыми жетекшісі  – «Қонақжайлылық» кафедрасының оқытушысы Махсад Халмет.

Байқау қорытындысы бойынша “Hospitality heroes” командасы І орын, ал “Altai” командасы ІІІ орынды иеленді.

Байқау қатысушыларына сертификаттар мен дипломдар табысталып, ғылыми жетекшілер алғыс хаттар және естелік сыйлықтармен марапатталды.

IUTH Баспасөз қызметі