«Macmillan Education» оқытушыларға әдістемелік семинар өткізді

Сәуір айының 12-жұлдызында «Тілдер» кафедрасы мен Macmillan Education басылымының Қазақстандағы ресми өкілі «English Book» компаниясының ұйымдастыруымен университеттің ағылшын тілі оқытушылары және мектептердің ағылшын тілі мұғалімдеріне арнап «New English Language Learning Technologies through Macmillan Tutorials» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді. Семинар барысында басылымнан жаңадан ұсынылған ағылшын тілі оқулықтарының әдіс-тәсілдері талқыланып, практикалық сабақтар жүргізілді. Семинар соңында қатысушылар Macmillan Education басылымының арнайы сертификаттарымен марапатталды.