ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР!

Ақпан айының соңында университеттің 2-курс студенттері арасында «Эрудит» зияткерлік сайысы өтеді.

Студенттердің интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін күшейту; гуманитарлық ғылымдар саласында ғылыми ізденістеріне қызығушылықтарын арттыру; жеке тұлғалық және шығармашылық әлеуетінің дамуына жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылғалы отырған осы сайысқа қатысуға сіздерді шақырамыз.

Сайысты «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасы ұйымдастырады. Сайысқа қатысушылар жалпы білім беру пәндері (философия, саясаттану, әлеуметтану, құқықтану негіздері) оқу бағдарламалары тақырыптары негізінде құрылған тапсырмаларға жауап беретін болады.

Сайыстың екі кезеңінен (тестілеу мен эссе жазу) өткен жеңімпаздар I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталып, сыйлықтар беріледі.