Ақпан айының 23 жұлдызында университеттің 2-курс студенттері арасында «эрудит» зияткерлік сайысы өтті

Студенттердің интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін күшейту және дамыту; гуманитарлық ғылымдар саласына ғылыми ізденушілігіне қызығушылықтарын арттыру мақсатындағы дәстүрлі іс-шара өз мәресіне жетті. Сайысты «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасы ұйымдастырды. Сайысқа қатысушылар жалпы білім беру пәндері (философия, саясаттану, әлеуметтану, құқық негіздері) оқу бағдарламалары тақырыптары негізінде құрылған тапсырмаларға жауап берді.

Сайыстың екі турынан (тестілеуден және эссе жазу) өткен жеңімпаздар:

  1. Сахибекова Гулниса – 1-орын (І дәрежелі Диплом)
  2. Асубаева Ақбөпе – 2-орын ( ІІ дәрежелі Диплом)
  3. Тұнғышбаева Жасел – 2-орын ( ІІ дәрежелі Диплом)
  4. Атабаева Акерке – 3-орын (ІІІ дәрежелі Диплом)
  5. Алиаскаров Акжол – 3-орын (ІІІ дәрежелі Диплом)
  6. Мейірбек Сымбат – 3-орын (ІІІ дәрежелі Диплом)

Жеңімпаздар I, II және III дәрежелі дипломдармен ресми марапатталып, сыйлықтар берілді.

Барлық жеңімпаздарға алғыс айтамыз!