«Орыс поэзиясының жанды классикасы» атты байқау қорытындысы

Халықаралық туризм және меймандостық университетінде ТМД елдеріндегі орыс тілі жылына арналған және аға оқытушы Б.М.Әбиевтің 50 жылдық мерейтойына арналған “Орыс поэзиясының жанды классикасы” атты байқау өтті.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері: талантты студенттерді анықтау, олардың шығармашылық әлеуетін ашу, орыс классикасы мен заманауи әдеби шығармаларын оқуға қызығушылықты арттыру. Оқырман көкжиегін кеңейтіп, студенттерді әр түрлі ұлттың поэзиясымен таныстыру. Сондай-ақ студенттерді шығармашылық тұрғысынан одан әрі шыңдау. Қатысушылар белгілі ақындардың прозалық шығармаларын, сондай-ақ өз шығармаларын мәнерлеп оқумен өнер көрсетті.

Байқауға төрелік еткен әділ қазылар алқасы барлық қатысушылардың қабілеттерін жоғары бағалады. Олардың құрамында ф.ғ.к Бекжігіт Сердәлі, доцент, академик; Дәулет Әзілханұлы Тоғызбаев, “Тілдер” кафедрасының меңгерушісі; Гүлназ Файзулла, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы; сондай-ақ, Салтанат Қабдрахманқызы Құлаева, аға оқытушы, магистр төрелік етті.

Әр қатысушының өнерін бағалау төмендегі жүйемен, 10 балдық шкала бойынша жүзеге асырылды:

  • Байқау тақырыбының сәйкестігі;
  • Сөйлеу техникасы мен мәдениеті;
  • Оқу мәнерлілігі;
  • Орындаудың өзіндік ерекшелігі;
  • Әдеби шығарманың семантикалық жүктемесін түсіну;
  • Көркемдік.

Байқауға факультет деканы Жақсылық Махмұтұлы қатысып, С.Есениннің «Шаганэ ты моя, Шаганэ…» туындысын орындап, «Көрермен көзайымы» номинациясымен марапатталды. Ал 3 курс студенті Иманғазиева Айзат «Лилия русского языка» атты өз шығармашылығын оқып, «Жас ақын» номинациясын иеленді.

Барлық қатысушылар осы іс-шараға белсенді қатысқаны үшін арнайы диплом және сыйлықтармен марапатталды. Ал жүлделі орын алғандар тізімі төменде:

  1. 1 орын – Атабаева Кумуш, 1 курс студенті.
  2. 2 орын – Есланбек Аяна, 1 курс студенті.
  3. 2 орын – Касенова Арай, 1 курс студенті.
  4. 3 орын – Курешова Нилюфар, 2 курс студенті.
  5. 3 орын – Әділов Әділ, 1 курс студенті.

Байқауға қатысушыларды көрермен қошеметі мен ыстық ықыласы жігерлендірді. Себебі жүректен шыққан орындаулар жүрекке жетті.

IUTH Баспасөз қызметі