Халықаралық туризм және меймандостық университетінде ТМД елдеріндегі орыс тілі жылына арналған және аға оқытушы Б.М.Әбиевтің 50 жылдық мерейтойына арналған “Орыс поэзиясының жанды классикасы” атты байқау өтті.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері: талантты студенттерді анықтау, олардың шығармашылық әлеуетін ашу, орыс классикасы мен заманауи әдеби шығармаларын оқуға қызығушылықты арттыру. Оқырман көкжиегін кеңейтіп, студенттерді әр түрлі ұлттың поэзиясымен таныстыру. Сондай-ақ студенттерді шығармашылық тұрғысынан одан әрі шыңдау. Қатысушылар белгілі ақындардың прозалық шығармаларын, сондай-ақ өз шығармаларын мәнерлеп оқумен өнер көрсетті.
Байқауға төрелік еткен әділ қазылар алқасы барлық қатысушылардың қабілеттерін жоғары бағалады. Олардың құрамында ф.ғ.к Бекжігіт Сердәлі, доцент, академик; Дәулет Әзілханұлы Тоғызбаев, “Тілдер” кафедрасының меңгерушісі; Гүлназ Файзулла, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы; сондай-ақ, Салтанат Қабдрахманқызы Құлаева, аға оқытушы, магистр төрелік етті.
Әр қатысушының өнерін бағалау төмендегі жүйемен, 10 балдық шкала бойынша жүзеге асырылды:
Байқауға факультет деканы Жақсылық Махмұтұлы қатысып, С.Есениннің «Шаганэ ты моя, Шаганэ…» туындысын орындап, «Көрермен көзайымы» номинациясымен марапатталды. Ал 3 курс студенті Иманғазиева Айзат «Лилия русского языка» атты өз шығармашылығын оқып, «Жас ақын» номинациясын иеленді.
Барлық қатысушылар осы іс-шараға белсенді қатысқаны үшін арнайы диплом және сыйлықтармен марапатталды. Ал жүлделі орын алғандар тізімі төменде:
Байқауға қатысушыларды көрермен қошеметі мен ыстық ықыласы жігерлендірді. Себебі жүректен шыққан орындаулар жүрекке жетті.
IUTH Баспасөз қызметі