Маңызды ақпарат!
– ABU TELP бағдарламасына құжат тапсырудан алдын ата-ананың келісім бергендігі жөнінде растама құжат қажет.
– ABU TELP бағдарламасына өтінімді кәмелет жасына толған білім алушылар бере алады.
– Білім алушылар халықаралық тәжірибеге кіріскенен соң 30 күннен кейін 100 АҚШ доллары көлемінде жалақы алады. Сондықтан өтінім берушінің бастапқыда қалта шығындарын өтеу үшін жеке қаражаты болуы керек.
Ең жиі қойылатын сұрақтар!
Antalya Bilim University Tourism Experiential Learning Programme (ABU TELP) – ABU туризм саласындағы қолданбалы зерттеулер орталығы ұйымдастырған халықаралық тәжірибе алмасу бағдарламасы.
Өтінімді https://telp.antalya.edu.tr/ сайтында онлайн беруге болады
26.01.2023 – 10.02.2023
Алдымен өтініштеріңізді серіктес қонақүйлер қарастырады. Одан кейін, TELP өтінім беру жүйесі арқылы ABU TELP бағдарламасына қатысуға шақырту аласыз.
TELP 2023 бағдарламасына қатысу үшін білім алушылар Анталияға 2023 жылдың 15 наурызына дейін баруы тиіс.
Халықаралық тәжірибе алмасу наурыздың ортасынан қазан айының соңына дейін жалғасады.
Қазақстаннан (Түркістан) Анталияға және кері әуе билеттерін сізді бағдарлама бойынша қабылдаған серіктес қонақүй төлейді.
Білім алушылар халықаралық тәжірибеге кіріскеннен соң, 30 күннен кейін 100 АҚШ доллары мөлшерінде жалақы алады. Білім алушылардың бастапқыда қалта шығындарын өтеу үшін жеке қаражаты болуы тиіс.
Білім алушылар серіктес қонақүй қызметкерлеріне арналған жатақханада тұрады.
Серіктес қонақ үй есебінен күніне 3 рет тамақтану.
Білім алушыларға униформаны серіктес қонақ үй береді.
Білім алушылар аптасына 6 күн, күніне 8-9 сағат тәжірибеде болады. Сондай-ақ халықаралық тәжірибеден өту кезеңінде Анталиядан тыс жерлерге шыға алмайсыз.
Білім алушылар иммиграцияға өтініш беру үшін Анталияға келген бірінші күні ABU кампусына баруы керек. ABU тұруға ыхтиярхат (тұруға рұқсат) алуға өтініш береді. Бұл өтініш үшін барлық құжаттар жарамды, дұрыс және толық болуы керек. Егер құжаттың болмауына, жарамсыз немесе жалған болуына байланысты ABU иммиграциялық өтінішті толтыра алмаса, халықаралық тәжірибе бағдарламасына қатысушы депортацияланады.