«Тәуелсіздік тұғыры» атты Республика күніне арналған дөңгелек үстел өтті

Дөңгелек үстелге университет ұжымы, мәртебелі қонақтар мен студенттер қатысты. Отырыста президент Қ.К. Тоқаевтың Ұлытау төрінде жасаған баяндамасы мен Республика күні мерекесіне ұлттық мереке мәртебесінің берілуі, мереке тарихы, Жаңа Қазақстан құру жолында аталған мерекенің алатын орны сияқты өзекті мәселелер қаралды.

Университет ректоры Сәкенов Айдос Мерекеұлы дөңгелек үстел қонақтарын Республика күні мерекесімен құттықтап, университеттің даму стратегиясымен таныстырды. Профессор Тұрсын Хазретәлі Маханұлы өз баяндамасында халқымыздың тәуелсіздік жолындағы күресі мен мемлекеттіліктің маңыздылығына тоқталды. Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Худияров Ғалымжан Батырханұлы Республика күнінің тарихына тоқталып, қала деңгейінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Тарихшы-ғалым Сандыбаева Ақмарал Дайырқызы Кеңестік кезеңдегі Түркістан қаласының даму тарихына шолу жасап, аталмыш мерекенің жастарға беретін үлгі-өнегелік тұстарына тоқталды. Саясаттанушы ғалым Жуманов Тәліб Айтбайұлы Қазақстандағы саяси өзгерістерге тоқталып, әлем елдерінің саяси даму үдерістерімен салыстырып, талдау жасады. Құқықтанушы Пошанов Нұрсұлтан Нұрбайұлы Республика күні мерекесінің хронологиясына тоқталып, өскелең ұрпаққа беретін мол тәрбиелік мәніне назар аударды. Жастардың атынан баяндама жасаған 1-курс студенті Нұрберген Елдар қазіргі жастар бұл мерекені қалай түсінеді, еліміздің даму болашағына қандай үлес қосып жатқанын баяндады.

Дөңгелек үстелге қатысқан барша қатысушылар сөз жарысқа қатысып, кеш пікір-сайысқа ұласты. Іс-шара өз межесіне жетті, кештің жастарға беретін рухани-тәрбиелік маңызы жоғары болды.