Эссе байқауының жеңімпаздары анықталды

25 қазан Республика күні қарсаңында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбына эссе жазудан байқау ұйымдастырылды. Байқау мақсаты – студенттердің азаматтық сана-сезімін дамытып, ел тағдырына деген адалдық пен оның болашағына жауапкершілік сезімін ояту, жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және мемлекеттің жарқын болашағына деген сенімін арттыруға бағытталған.

Эссе байқауына 11-қазанға дейін 120 жұмыс жиналды, антиплагиат тексеру нәтижесінде  107 эссе комиссия құрамына іріктеуге қазан айының 12 жұлдызында ұсынылды.

Комиссия құрамында:

Т. Абдрасилов – доктор PhD, доцент, Ғылыми зерттеу орталығының басшысы, комиссия төрағасы;

Ж. Акимов – доктор PhD, факультет деканы, төраға орынбасары;

комиссия мүшелері:

Н. Батырова – профессор, «Қонақжайлылық» кафедрасының оқытушысы; 

С. Нахипбекова – доктор PhD, «Туризм» кафедрасының аға оқытушысы;

Б. Ахметов – «Спорт» кафедрасының аға оқытушысы;

Р. Абдрахманов  – Техн.ғ.к., «Жалпы білім беру» кафедрасының магистр-оқытушысы,

А. Боханова – доктор PhD , «Тілдер» кафедрасының оқытушысы, комиссия хатшысы.

Комиссия құрамы байқау нәтижелерін сараптап, үздік эсселерді іріктеп алды:

  • І орын – Алихан Абдыкеров ТДМ 22-01 тобы
  • ІІ орын –  Саттар Аилун Ғалымжанқызы ҚМБ 22-02 тобы
  • ІІІ орын –  Жанерке Боранбай ДШБӘД 21-01 тобы

Жақсы жазылған жұмыс үшін ынталандыру сыйлықтары:

1.Сатыбалды Сабина Нурболатқызы ХІТ 22-03

2.Жарылқасын Арайлым Кенжеханқызы ТҚИҰ 22-04

3.Нұрай Сенбек ТҚИҰ 22-05

Байқау нәтижесінде І-орын алған эссе авторы Алихан Абдыкеровтың жұмысы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің эссе байқауына жолданатын болады.

Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!