![](https://iuth.edu.kz/wp-content/uploads/2022/09/IMG_0754-1-scaled-800x533.jpg)
Халықаралық туризм және меймандостық университеті мектептен кейін жаңа ортаға келген 1-курс студенттеріне оқу ордасын таныстырып, кредиттік жүйе, сабақтарға тіркелу, сонымен қатар оқу корпусының ішкі тәртібі туралы толық ақпарат берді. Сабаққа дайындық бойынша шеберлік сыныптары болып, университет пен мәдени-іскерлік орталыққа экскурсия ұйымдастырылды. Сондай-ақ, студенттік клубтар және студенттік өмірдің өзі туралы да көптеген қызықты мәліметтер айтылып, презентациялар тыңдалды.
Биыл Халықаралық туризм және меймандостық университетіне еліміздің түкпір-түкпірінен және алыс-жақын шетелдерден келген 650-ге жуық талапкер оқуға түсті.