Құттықтаймыз!

Әріптесіміз, «Туризм» кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., PhD, Абишов Нұржан Орынбасарұлы, Түркияның YTB SCHOLARSHİPS орталығы тарапынан ұсынылған үш айлық халықаралық ғылыми тағылымдама стипендиясының иегері атанып, 10.06.2022-10.09.2022 жж. аралығында Анкара қаласында сәтті тәмәмдап қайтты.

Ғылыми тағылымдама стипендиясы (3-12 ай) – бұл халықаралық зерттеушілер мен ғалымдарды Түркияның ең беделді университеттерінде түрік ғалымдарымен ынтымақтасуға және өз саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге шақыратын TURKIYE SCHOLARSHIPS (Түркия) Қоры ұсынған бағдарлама болып табылады.     

Құттықтаймыз!