Студенттік қызық мол жылдар басталды!

1 қыркүйек – жаңа бастамалардың, жаңа ізденістер мен жаңа идеялардың символы.

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің ұйымдастыруымен «Конгресс Холл» кешенінде 1-курс студенттерін қабылдауға арналған салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік жиынға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Е.Күзенбаев, Халықаралық туризм және меймандостық университетінің ректоры А.Сәкенов қатысып, студенттерді жаңа оқу жылымен құттықтады.

Іс шара облыс өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.