Жол жүру ақысын өтеу туралы маңызды хабарландыру!

Құрметті студенттер, грант иегерлері!

«Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 677 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2022 жылғы 6 қаңтардағы №1 бұйрығының 6-тармағына сәйкес,

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының академиялық күнтізбесіне, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқу процесінің кестесіне сәйкес қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль көлігінде (таксиді қоспағанда) жол жүруді растайтын құжаттар (жол жүру билеті мен отырғызу талонының, автобуспен жол жүрген кезде тек жол жүру билетінің) болған жағдайда жыл сайын, ақпан және маусым айларында қаражатты бiлiм алушылардың карт-шотына аудару жолымен жол жүру ақысы төленетіндігін хабарлаймыз.