Босаған мемлекеттік білім беру гранттарына конкурс жарияланады

Құрметті Халықаралық туризм және меймандостық университетінің ақылы негізде білім алушы студенттері! 2021-2022 оқу жылының 2-ші жарты жылдығының қорытындысы бойынша босаған мемлекеттік  білім беру гранттарына конкурс жарияланады:

  • В091-Туризм ББ тобы бойынша
    • 2 курсқа – 16 орын,
    • 3 курсқа – 8 орын;
  • В093-Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі ББ тобы бойынша
    • 2 курсқа – 4 орын,
    • 3 курсқа – 3 орын;
  • В005-Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау ББ тобы бойынша
    • 2 курсқа – 5 орын,
    • 3 курсқа – 5 орын;

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 Қаулысына сәйкес мемлекеттік грантқа ауысу жөніндегі өтінішті КеАҚ «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» ректорының атына жолдау қажет (үлгі қосымшада).

Өтінішті 2022 жылдың шілде айының 25-ші жұлдызына дейін turizm_sport_dt@mail.ru поштасына жіберу керек. Көрсетілген күннен кейін жіберілген өтініштер қаралмайды. Өтінішті өз қолыңызбен жазып, қол қоюыңыз тиіс және сканерленген pdf форматта жоғарыда көрсетілген поштаға жіберуіңіз қажет.

Конкурс көктемгі сессия нәтижелері бойынша GPA орташа балының негізінде беріледі (нақтырақ айтқанда, қатысушылар арасында GPA баллы ең жоғары көрсеткіштері бойынша іріктеледі). GPA үлгерімінің орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, тек А, А- (Өте жақсы),келесі кезекте А, А- (Өте жақсы) бастап В+, В, В-, С+ (жақсы) дейінгі бағалары, бұдан әрі қарай оқудың барлық кезеңі үшін аралас бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады.