«6В11104 – Мейрамхана және мейманхана бизнесі»

Қонақ үй және мейрамхана кәсіпорындарының қызметін тиімді ұйымдастыруға қабілетті, кешенді білімі мен практикалық дағдылары бар, сонымен бірге орналастыру орындары мен қоғамдық тамақтандыру орындарында қонақтарға қызмет көрсетуді ұйымдастыра алатын бәсекеге қабілетті мамандарды даярлап шығарады.

«Мейрамхана және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламысында келесідей негізгі пәндер оқытылады: Қонақ үй және мейрамхана бизнесін ұйымдастыру, Қонақжайлылықтағы сервистік қызмет, Бар сервисі технологиясы, Қонақжайлылық индустриясындағы цифрлық технологиялар, Мейманхана мен мейрамханадағы бизнес-жоспарлау, Қонақ үй және мейрамхана бизнесінің маркетингі, Қонақжайлылық индустриясындағы анимациялық қызмет, Көшбасшылық. Университетте қонақ үйлерде және мейрамханаларда көпжылдық тәжірибесі бар мамандар білім береді.

Іс-тәжірибе: Қонақ үй және мейрамхана бизнесі білім беру бағдарламасында оқитын студенттер Қазақстандағы үздік 5 жұлдызды қонақ үйлермен қатар, халықаралық деңгейдегі әлемдік қонақ үйлер желісіндегі қонақ үйлерде халықаралық деңгейде іс тәжірибеден өту мүмкіндігі қарастырылған.

Білім беру бағдарламысын аяқтаған білімгер келесідей қызмет атқара алады: Қонақ үй бөлімдерінің менеджері, супервайзері және мейрамхана әкімшісі, супервайзері, сату және маркетинг менеджері, ивент менеджері, анимация әкімшісі, орналастыру және қоғамдық тамақтандыру орындарының қызметкері.

Бұл мамандықты бітірген студент қызметтерін туризм және қонақжайлылық индустриясының әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындарда атқара алады:  Туризм және қонақжайлылық индустриясының әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар: мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, жеке компаниялар; республикалық, халықаралық туроператорлық және турагенттік компаниялар; орналастыру және тамақтану саласының кәсіпорындары; мәдени-демалыс қызметінің объектілері; санаторлық-курорттық және сауықтыру мекемелері; республикалық және халықаралық көрме орталықтары; орта кәсіптік оқу мекемелер мен орталықтары.