«Халықаралық ғылыми басылымдарда мақала жариялау» атты ғылыми семинар

03.05.2022 ж. күні Халықаралық туризм және меймандостық университетінде халықаралық ғылыми журналдарға мақала жариялауға қолдау көрсететін Enago сервисінің аймақтық менеджері Қансейітова Сәуле Манапқызы «Халықаралық ғылыми басылымдарда мақала жариялау» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Семинарға Оқу және ғылыми істер жөніндегі проректор, университеттің профессор-оқытушы құрамы және Ғылым және оқу үдерісінің сапасын бақылау бөлімінің мамандары қатысты. Семинар ғалымдардың халықаралық ғылыми базаларда мақала жариялауға қатысты тәжірибесін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Семинар барысында халықаралық ғылыми журналдарда мақала жариялауға қатысты бірнеше тақырыпшалар қамтылды. Олар:

– Мақалаға журнал таңдау;

– Таңдалған журнал талабына сәйкес мақала әзірлеу жолдары;

– Мақаланы қайтарып тастамау үшін академиялық ағылшын тіліне аудару бойынша кеңестер;

– Рецензиялау және жариялау шарттары;

– Мақаланы жариялауға қабылдамағанда не істеу керек?

Сонымен қатар, Enago сервисінің ағылшын тіліндегі мәтіндерді дұрыстайтын тегін құралдары да көрсетілді.

Профессор-оқытушы құрамы семинарға белсенді қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, маңызды мәліметтер алды.