Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан спортының дамуы және жетістіктері

2022 жылдың 22 сәуір күні «Спорт» кафедрасының профессор оқытушылар құрамы Ғылыми қызметкерлері күніне орай «Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан спортының дамуы және жетістіктері» атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Кафедраның профессор оқытушылар құрамының мұрындық болуымен өткен дөңгелек үстелде офлайн форматта 4 баяндама жасалды. Атап айтар болсақ, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Есіркепов Жандос Мергенбайұлы «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан спортының дамуы және жетістіктері», п.ғ.к., профессор Анарбаев Алмас Қазбекұлы «Нынешнее состояние комплексных научных групп по подготовке сборных команд республики Казахстан по видам спорта», техн.ғ.к., доцент м.а. Құрманбаев Болат Ізтілеуұлы «Мектепке дейінгі мекемелерде ұлттық ойындар арқылы балалардың дене қасиеттерін дамыту жолдары», аға оқытушы, магистр Күнешов Қожахмет Рахымбекұлы «Спортшыларда физиологиялық қызметтердің гормональдық реттелуі» атты тақырыптарда баяндамалар жасады.

Баяндамашылар студенттердің өзіндік зерттеу және практикалық жұмыс үшін қажетті кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру, дене шынықтыру мен спортты дамытудың өзекті мәселелерін талқылау, сондай-ақ ғылыми нәтижелер мен зерттеу тәжірибесімен алмасу сияқты мәселелерді қызу талқыға салды.

Дөңгелек үстел соңында Халықаралық туризм және меймандостық университетінің Ғылым және оқу үдерісінің сапасын қамтамасыз ету бөлімінің  бас маманы Альмухамбетова Ақмарал Жеңісқызы қатысушыларға ғылым жолында толағай табыстар тілеп, еліміздің ғылымының дамуына үлес қосып жүрген ғалымдарға алғыс білдірді.