Орталық Азия жастарын бір арнаға топтастырған ауқымды жоба!

Су мен бейбітшілік маңызды ұғым! Әсіресе, бүгінгі экологиялық ахуал мен шаңырағы шатқаяқталып тұрған мемлекеттердің мүшкіл хәлін көргенде бұл мәселелерге аса мән беру қажеттілігі айтпаса да түсінікті. Қазақстан-Неміс университеті және  ЮНЕСКО-ның  Орталық Азиядағы су ресурстарын біріктірілген басқару кафедрасы біздің университетімізге арнайы келгенін айтқан болатынбыз. Мақсат – Түркістан қаласында ғылыми-практикалық және практикалық сабақтар өткізу.  

2022 жылғы 27 сәуірде Халықаралық Туризм және меймандостық университетінің акт залында “Жастар су және бейбітшілік үшін” студенттер сессиясы өтті.

Әуелі шара басқарма төрайымы, ректор Майнюра Мырзамадиеваның құттықтау сөзімен ашылып,  Қазақстан Неміс университетінің өкілдері жастарды экологиялық ағартуға қосқан үлесін және оның көптеген елдер, соның ішінде Қазақстан тап болып отырған су ресурстары проблемаларын шешудегі рөлін атап өтті. Сонымен қатар, ректор академиялық сектордағы ынтымақтастыққа, жас мамандарға ғылым үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын бірлескен және ашық зерттеулер жүргізуге дайын екендігін білдірді.

«Орталық Азия мемлекеттерінің су ынтымақтастығына 30 жыл: сенімді болашаққа көзқарас ” атты Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен ұйымдастырылған болатын. Конференция аясында “Жастар су және бейбітшілік үшін” жастар сессиясы өтті. Оны Қазақстан- неміс университеті және оның Орталық Азиядағы су ресурстарын біріктірілген басқару жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасы ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты жастарды басқармаға тарту жолдарын талқылау.Орталық Азиядағы су ресурстары мен экологияны әлемдік тәжірибені кеңінен талқылауға арналған қосымшасу және экологиялық секторлар проблемаларын ғылыми

Орталық Азия елдерінде академиялық сектордың тұрақты дамуына жәрдемдесу. Сондықтан да, Орталық Азиядан, алыс жақын шет елдерден арнайы студеттер шақырылды. Орталық Азия өңіріндегі кооперацияға бағытталған мамандардың жаңа буынын қалыптастыру үшін жасалған алаңда жастар бас қосты.

Іс-шараға сондай-ақ Орталық Азия елдеріндегі академиялық сектордың тұрақты дамуына жәрдемдесетін әлемдік тәжірибені, су және экологиялық секторлар проблемаларының озық ғылыми шешімдерін кеңінен талқылау үшін қосымша платформа құру арқылы жастарды Орталық Азиядағы су ресурстары мен экологияны басқаруға тарту жолдарын белсенді талқылаған студенттеріміз қатысты.